Шымкентте қар тазалау жұмыстарына 163 арнайы техника жұмылдырылды (видео)
Жарияланған күні:

Шымкентте қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкентте ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы ұзындығы 891 шақырымды құрайтын 443 магистральды көшеде қар тазалау жұмысы жүргізілген. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 163 арнайы техника мен 113 қызметкер жұмылдырылған.
- Абай ауданы: 21 КДМ техникасы, 3 жүк тиегіш, 8 трактор, 21 қызметкер;
- Әл-Фараби ауданы: 18 КДМ техникасы, 6 трактор, 16 қызметкер;
- Еңбекші ауданы: 20 КДМ техникасы, 5 трактор, 7 мини-трактор, 28 қызметкер;
- Қаратау ауданы: 23 КДМ техникасы, 2 жүк тиегіш, 14 трактор, 18 қызметкер;
- Тұран ауданы: 25 КДМ техникасы, 4 трактор, 7 мини-трактор, 30 қызметкер.
Қар тазалау барысында көшелерге және көлік апаты қаупі жоғары аумақтарға инертті материалдар себілген. Қысқы маусымның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын таппақ.
Айта кетейік, биыл Шымкентте қысқы маусымға 189 арнайы техника дайындалды. Бұдан бөлек жол мен жаяу жүргіншілер жолы тайғақ болмауын қамтамасыз ету мақсатында 24 800 текше метр құм және 13 200 тонна тұз қоры әзірленді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2197809-shymkentte-qar-tazalau-zhumystaryna-163-arnaiy-tehnika-zhumyldyryldy-video/