jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қар жауғанда серуендеген отбасы
Қар жауғанда серуенге шыққан отбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде, 10-12 желтоқсанда күн жылып, қар түсетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгдиромет" РМК сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Апта басында республиканың көп бөлігін солтүстік циклон басып, жауын-шашын әкеледі. Атап айтқанда, елдің батыс өңірлерінде жаңбыр, қар жауып, көктайғақ болады.

Ал елдің оңтүстік өңірлерінде ауқымды антициклон әсерінен жауын-шашын түспейді.

Бұған қоса, Қазақстанда алдағы күндері ауа райы біршама жылиды деп болжанды. Ауа температурасы түнде:

  • елдің батысында 0...-8 градусқа;
  • солтүстік-батысы мен солтүстігінде -7...-15 градусқа дейін;
  • орталығында -10...-18 градусқа дейін;
  • шығысы мен оңтүстік-шығысында -7...-20 градусқа дейін;
  • оңтүстік өңірлерінде -5...-13 градусқа дейін суық болады.
Алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.