Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі өмірден озды
Жарияланған күні:

Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі дүниеден өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қаралы хабарды журналист Төлен Тілеубай жеткізді.
"Берік Уәли бауырымыздың асқар тауы құлапты. Уәли ақсақалды Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыз, Беке", - делінген Төлен Тілеубайдың Facebook-тегі парақшасында жарияланған жазбада.
Қазақ жазушысы, драматург Роза Мұқанова да Facebook-тегі парақшасында президент кеңесшісінің отбасына көңіл айтты.
"Берік Уәли бауырым! Ағамыздың алды жарық болсын! Иманы жолдас болсын! Отбасыңызға көңіл айтамыз", - деп жазды ол.
KAZ.NUR.KZ ұжымы Берік Уәлидің қайғысына ортақтасып, отбасына, туыстарына көңіл айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2198241-prezidentting-baspasoz-hatshysy-berik-ualiding-akesi-omirden-ozdy/