jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы мен екі облыстың тұрғындарына ескерту жасады

Таудағы қар көшкіні
Таудағы қар көшкіні. Көрнекі фото: Алматы облысының ТЖД

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарына қар көшкіні қаупіне байланысты ескерту жасады. Бұл туралы министрлік ресми сайтында хабарлады.

ТЖМ ақпаратынша, Алматы қаласының, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аумақтары қар көшкініне неғұрлым бейім. Қар көшкіні адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін (атап айтқанда, альпинистер, тау шаңғысы мен сноубордингті сүйетіндер, фрирайдер) және шаруашылық объектілеріне елеулі залал келтіруі мүмкін.

"Қазіргі уақытта Республиканың таулы аудандарындағы қардың биіктігі норманың шегінде немесе одан асады. "Қазгидромет" РМК ауа райы болжамына сәйкес желтоқсан айында таулы аудандарда жауын-шашын нормадан асады деп күтілуде. Қар көшкіні астында қалмау үшін тауға жиналатын әрбір адам тауларда және қар көшкіні кезінде өзін ұстаудың негізгі ережелерін үйренуге міндетті", - дейді ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы Ерболат Садырбаев атап өтті.

Көшкін қаупі бар кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін көшкін қауіпсіздігінің мынадай шараларын сақтау қажет:

  • тауға шығу кезінде ауа райы болжамын есепке алу және маршруттар картасын жасау;
  • көшкін қауіпсіздігінің негіздерін білмей топ болып сырғанауға және қауіпті аудандарға шықпауға;
  • көшкінге түскен адамды іздестіруге мүмкіндік беретін көшкінді қабылдап-таратқышты (биперді) өзімен бірге алған дұрыс;
  • туристiк топтың құрамында көшкiн қаупi бар баураймен қозғалған кезде әрбiр қатысушы көшкiн таспасын белiне байлауға тиiс.

Егер қар көшкіні жоғарыдан келе жатқанда қашуға мүмкіндік болса, қауіпсіз жерге кету керек. Төменге емес, көлденеңінен қозғалу керек. Сондай-ақ үңгірдің сыртына жасырынуға, биіктікке, тұрақты тастарға немесе мықты ағашқа шығуға болады.

Егер қар көшкінінен құтыла алмаған болса, онда рюкзак, шаңғы, таяқ, мұз мұздақты бірден тастау керек. Жоғарыда қалу үшін қолдан келгеннің бәрін (соның ішінде жүзу қимылдарын) жасай отырып, ағашқа, тастарға, бұталарға асылып қалу керек.

ТЖМ мамандары тау беткейлерінде қардың тұрақсыз болуына байланысты қар басуды болдырмау үшін таулардың қар басқан беткейлеріне шықпауды ұсынады.

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы мен екі облыстың тұрғындарына ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.