jitsu gif

Сәрсенбіде Астанада және Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Аяз
Фото: pxhere.com

Ертең, 11 желтоқсанда Астанада және Қазақстанның кейбір облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түсіп, аяз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

11 желтоқсанда Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Облыстың батысында және солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с жетуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Ертең түнде солтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында -25...-27 градусқа дейін қатты аяз болады.

Түнде және таңертең оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, сондай-ақ Шымкентте тұман түсуі ықтимал.

11 желтоқсанда Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде – желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Күндіз батыста, солтүстікте және Абай облысының орталығында бұрқасын күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды. Күндіз қар жауады.

Ертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын болып, желдің екпіні 25 м/с жетеді.

11 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Ертең Астанада қарлы боран соғады. Таңертең және күндіз – жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.