jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қостанай облысының үш тұрғынын маймыл тістеп алған

Прммат
Прммат. Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында Оңтүстік-Шығыс Азияда демалған бірнеше адам құтырмаға қарсы екпе алып жатыр. Бұл туралы Kazinform хабарлайды.

Құтырмаға қарсы екпені Рудный қаласының үш тұрғыны алып жатыр. Олардың екеуін Таиландта, біреуін Вьетнамда маймыл тістеп алған.

Рудный қалалық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметінінің мәліметінше, әдетте жабайы жануарлар тістеген туристерге құтырмаға қарсы вакцина дереу салынады. Шетелде оларға тиісті анықтама беріліп, елге оралған соң курсты жалғастырады.

"Егер жануардың құтыру ауруына шалдыққанына көз жеткізбесеңіз, 28 күн ішінде бес вакцинация курсын аяқтау керек.

Қазақстанда құтырмаға қарсы вакцина тегін салынады. Басқа елдерде өзгеше болуы мүмкін, ол туристік сақтандыруға да байланысты", - дейді ведомство өкілдері.

MSD Manuals сайтындағы мәліметке сәйкес, құтырма – жануарлардан таралатын және ми мен жұлынның қабынуын тудыратын вирустық ауру. Егер вирус жұлынға немесе миға енсе, соңы өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Қостанай облысының үш тұрғынын маймыл тістеп алған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.