Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында ұзындығы 36 метрлік хот-дог әзірленді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Аспаздар
Аспаздар. Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысыенда Приозерск қаласында Тәуелсіздік күніне арнап ұзындығы 36 метрлік хот-дог дайындалып, Қазақстан рекорды жаңартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Тәуелсіздік күніне орай "Балқаш" шипажайы мен Приозерск қаласындағы дәмханалардың бірінің қызметкерлері ұзындығы 36 метрлік хот-дог әзірлеген. Бұл рекорд Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Үлкен хот-дог жасау үшін мына мөлшерде өнім қажет болған:

  • 27 кг ұн;
  • 15 кг тартылған тауық еті;
  • 15 кг ірімшік;
  • 14 литр маринадталған қияр;
  • отандық өндірістің басқа өнімдері.

Хот-дог нанын дәмхананың шеберлері пісірсе, шұжықтар мен маринадтарды Балқаш шипажайының аспаздары әзірлеген. Хот-догты әзірлеуге тоғыз адам жұмылдырылған.

Айта кетейік, Өскеменде Конституция күніне орай аспаздар ұзындығы 100 метрлік моцарелла ірімшігі қосылған әйгілі капрезе салатын дайындап, Қазақстанның рекордтар кітабына енген болатын.

Елордада тұңғыш президент күні ұзындығы 31 метр болатын хот-дог әзірленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2198883-qaragandy-oblysynda-uzyndygy-36-metrlik-hot-dog-azirlendi/