jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Астана әкімі LRT пойыздары қашан әкелінетінін айтты

LRT құрылысы
Астанадағы LRT. Фото: instagram.com/cts_kz

Астана мәслихатының сәрсенбідегі отырысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, елордаға алғашқы пойыз 2025 жылдың күзінде жеткізіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"LRT бойынша үлкен мәселе. Биыл біз құрылыстың эстакада бөлімін аяқтадық, алдағы жылы нысан құрылысын толық аяқтаймыз. Жаңа темір жол вокзалы ауданында рельс-тіреу конструкциясының алғашқы шақырымдары түскенін өздеріңіз көріп отырсыздар. Жұмыс қыста да тоқтамайды. Алғашқы пойыз алдағы жылдың қыркүйек-қазан айларына қарай келеді деп жоспарладық", - дейді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетерлік жайт, өткен аптада LRT рельсі 500 метрге сынақ ретінде төселген.

"Сынақ тәжірибесі арқылы LRT жолының жоғары жағының қысқы ауа райына қаншалықты төзімді екенін білеміз", - деп мәлімдеді CTS компаниясы өкілдері.

Осының алдында Астанада LRT желісі станцияларының темірбетонды негізінің құрылысы толық аяқталғаны мәлім болды. Сол кезде 2025 жылы барлық станция құрылысы аяқталады деп хабарланды.

Астанада LRT депосы құрылысы да басталды. Нысан халықаралық әуежай ауданында орналасқан.

Астана әкімі LRT пойыздары қашан әкелінетінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.