jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Кенесхан
Айтолқын Кенесхан
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Малайзия-Қытай-Польша-Германия: Алматы балабақшаларының 40 маманы шетелдерде халықаралық тағылымдамадан өтті

Қытайдағы басшыларға арналған халықаралық тағылымдама
Қытайдағы басшыларға арналған халықаралық тағылымдама: Алматы қаласы білім басқармасы

Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында Алматы қаласы білім беру ұйымдарының мамандары халықаралық тағылымдалардан өтті. Малайзия-Қытай және Польша-Германия бағыттары бойынша өткізілген бұл тағылымдамалар Алматы әкімдігінің қолдауымен Білім басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр. Басты мақсат - педагогтердің оқу-тәрбие және басқару процесінің тиімділігін арттыру.

"Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларын» жүзеге асырудың Жол картасы аясында қала балабақшаларының 40 қызметкері шетелде тәжірибе жинақтап, тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл шаралардың негізгі мақсаты - жетекші шетелдік мектепке дейінгі ұйымдардың халықаралық тәжірибесімен танысу, балабақшалардың инфрақұрылымымен және материалдық-техникалық базасымен танысу, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда қолданылатын әдістемелер мен тәсілдерді зерделеу.

Білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейтін тағылымдамалардың бағдарламасы өте мазмұнды болды және екі бағытта жүзеге асты. Балабақша басшыларының сапары Қытай және Малайзия елдеріне бағытталса, әдіскерлер Польша және Германиядағы балабақшалар тәжірібиесімен танысты. Халықаралық тағылымдамадан өткен мамандар да кездейсоқ таңдалған жоқ: Білім басқармасы ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан өткен 440 маманның арасында үздік деп танылған 40 қызметкер ғана бұл мүмкіндікке ие болды.

Малайзия мен Қытайда ұйымдастырылған халықаралық тағылымдама 1-11 қазан аралығында "Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық тәжірибелер" тақырыбында ұйымдастырылды. Оған "Мектепке дейінгі ұйымды дамытудың 5 жылға арналған стратегиялық жоспары" конкурсы бойынша ең жоғары балл жинаған жиырма балабақша қатысты. Тағылымдамалар бағдарламасы теориялық оқыту мен қатысушылардың топтық жұмыстары, оқу орындарының кампусына, балабақшаларға экскурсиялар, сұрақ-жауап сессиялары және оқуды аяқтау бойынша күнделікті рефлексиялар сияқты практикалық сабақтардан тұрды.

Басшыларға арналған халықаралық тағылымдама
Басшыларға арналған халықаралық тағылымдама: Алматы қаласы білім басқармасы

Оқыту және тағылымдама барысында мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші тәжірибешілер тартылды, олар өз жұмыс тәжірибесімен және шетелдік тәрбие мен оқыту жүйесінің ерекшеліктерімен бөлісті. Сапар Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы Сұлтан Идрис атындағы университет базасынан басталды.

Университет қабырғасында экскурсия ұйымдастырылып, қатысушылар оқу орнының 100 жылдық тарихын зерттеп, Малайзияда бұрын қолданылған дәстүрлі ойыншықтармен, даму ортасының заттарымен танысты. Аталған оқу орны Малайзияда ең көп маман әзірлеп шығарады және оның базасындағы балаларды дамыту жөніндегі ұлттық ғылыми орталық (NCDRC) 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың дамуын зерттеумен, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері үшін тәрбиенің жаңа формалары мен әдістері бойынша оқыту семинарларымен айналысады, сондай-ақ Малайзиядағы барлық балабақшалар арасында мектепке дейінгі білім беру сапасын бақылауды жүргізеді.

Ары қарай тағылымдама Қытайда жалғасын тапты. Қатысушылар Шанхай, Ханчжоу, Сучжоу қалаларында озық балабақшалардың тәжірібиесімен танысты. Тағылымдама барысында Қытай мен Қазақстанның мектепке дейінгі білім берудің екі түрлі жүйесінің өкілдері өздері үшін дамудың жаңа жолдары мен бірлескен даму мен ынтымақтастық мүмкіндіктерін анықтай алды.

Ал әдіскерлерге арналған халықаралық тағылымдама 13-23 қазан аралығында Польша мен Германияда өтті. Тағылымдамаға "Әдіскер қызметінің заманауи моделі" байқауының нәтижелері бойынша ең жоғары балл алған 20 әдіскер барды.

Әдіскерлерге арналған халықаралық тағылымдама. Фото
Әдіскерлерге арналған халықаралық тағылымдама. Фото: Алматы Білім басқармасы

Польшадан басталған тағылымдамада қатысушылар бұл елдің мектепке дейінгі білім беру жүйесін зерделеп, мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту жөніндегі инновациялық бағдарламалармен, орман балабақшасының тұжырымдамасымен және тұрмысымен, табиғатқа бағдарланған оқу бағдарламасын енгізудің педагогикалық әдістерімен танысты. Польшаның Белосток қаласындағы Przedszkole Leśne Puszczyk балабақшаларына барып, онда ормандағы балабақшалардың жұмысын зерттеу мүмкіндігіне ие болды.

Германияда мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жүйесінің негіздері және құрылымдарымен, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарында қолданылатын инновациялық тәсілдер мен тәжірибиелерді зерделеп, Фребель балабақшалары жұмысының әдістемелері, принциптерімен танысты. Сондай-ақ Еуропа елдеріндегі инклюзивті мектепке дейінгі білім беру тәжірибесін зерттеп, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың тиімді әдістеріне қанық болды. Берлиндегі мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс ерекшеліктерімен таныса алды.

Тағылымдама бағдарламасында табиғатқа негізделген оқыту мен инклюзивті тәжірибелерді қоса алғанда, инновациялық педагогикалық тәсілдерге назар аударды. Қатысушылар Алматы қаласының мектепке дейінгі білім беруде қолдануға бейімделген озық әдістемелермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Қорыта айтқанда, екі бағыттағы тағылымдамалардың арқасында балабақша басшылары мен әдіскерлері Азия және Еуропа елдеріндегі мектепке дейінгі білім берудің озық әдістері мен тәсілдерімен танысуға бірегей мүмкіндік берді. Қатысушыларға халықаралық тағылымдадан өткені туралы сертификаттар табысталды.

Малайзия-Қытай-Польша-Германия: Алматы балабақшаларының 40 маманы шетелдерде халықаралық тағылымдамадан өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.