jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ақтөбеде теміржол өткелі жабылады

Теміржолшылар теміржол желісін төсеп жатыр
Жаңа теміржол желісінің құрылысы. Фото: primeminister.kz

Ақтөбеде 12 желтоқсан күні "Ақтөбе-2" вокзалындағы теміржол өткелінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты өткел уақытша жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, "ҚТЖ" ҰК" АҚ филиалының Ақтөбе магистралдық желісі бөлімшесі 1790 км пк 4 учаскесіндегі күзетілетін өткелде жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

Жұмыстар 09:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады, сол уақыт аралығында өткел автокөліктер үшін жабық болады.

Өткелді айналып өту үшін Сельмаш көпірін пайдалану ұсынылады.

"Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалыс бағытындағы уақытша өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!" - делінген әкімдік хабарламасында.

Ақтөбеде теміржол өткелі жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.