jitsu gif

Тәуелсіздік күнінде халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

таңертеңнен бастап ХҚКО қызметкерлері жеке куәлігін алғаш рет алған клиенттерге «Қазақстан» шоколады мен кәдесый жалауларын таратуға кірісті
Фото: "Азаматтарға арналған үкімет" КЕ АҚ

Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсан күні халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

14 желтоқсан кезекші орталықтар 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

17 желтоқсан, яғни сейсенбі ХҚКО мен арнайы ХҚКО азаматтарды әдеттегі жұмыс кестесі бойынша қабылдайды.

Әдетте орталықтар жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері 20.00-ге дейін, сенбі күндері 13.00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Кезекші мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында 18.00-ге дейін қызмет көрсетеді, ал дайын құжаттарды 20.00-ге дейін алуға болады. Сенбі күні мамандандырылған ХҚКО 13.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Мамандар халықтан жұмыс уақытын ескеріп, қажетті қызметтерін алдын ала жоспарлаууды сұрайды.

Тәуелсіздік күнінде халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.