jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

"Жеке бақылауымда": Екібастұз әкімі жылусыз қалған балабақшаны арнайы барып тексерді

Екібастұз әкімі
Аян Байсекин. Видеодан кадр: instagram.com/abeysekin

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин ата-аналардың шағымынан кейін №28 балабақшаға барып, ғимараттың екінші қабатындағы температуралық режимнің бұзылуын қалпына келтіруді тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында осы аптада балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналарынан ғимараттың екінші қабатындағы бөлмелердің суықтығына қатысты шағым түскенін жазды.

Аян Бейсекин мен оның әріптестері мектепке дейінгі мекемені тексерді.

"Бүгін әріптестермен бірге барып тексердім. Шынымен де, температуралық параметрлер төмен, екінші қабатта 17-18 градус белгіленген.

Әріптестермен ақылдасып бірнеше әдісті қолдануды келістік. Ертеңнен бастап температуралық режимді қалпыға келтіруді тапсырдым.

Бұл мәселе, толық шешімі табылғанша, жеке бақылауымда болады", - делінген жазбада.

"Жеке бақылауымда": Екібастұз әкімі жылусыз қалған балабақшаны арнайы барып тексерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.