Зектілері

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қанша күн демалады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тәуелсіздік күні
Гүл шоқтарын қою. Фото: Алматы әкімдігі

Алдағы аптаның басында қазақстандықтар Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты бір күн демалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ eGov сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан, дүйсенбіге сәйкес келіп отыр. Сондықтан қазақстандықтар үшін дүйсенбі демалыс болады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан – 14 желтоқсан сенбі, 15 желтоқсан жексенбі, 16 желтоқсан дүйсенбіде демалады. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер екі күн, 15-16 желтоқсанда демалады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар желтоқсанда демалыс күндерді қоса алғанда 10 күн демалатынын жазған едік.

Мемлекеттік органдардың ресми сайтындағы мәлімет бойынша 1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдағаны туралы айтылған. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы посткеңестік кеңістікте өзінің мемлекеттік егемендігін жариялаған ең соңғы одақ болды.

2022 жылы мерекенің мәртебесі ұлттық деңгейден мемлекеттік деп өзгертілді. Бұрын Тәуелсіздік күні екі күн қатарынан 16-17 желтоқсанда тойланған болса, қазір мерекелер саны қысқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2200088-qazaqstandyqtar-tauelsizdik-kunine-orai-qansha-kun-demalady/