jitsu gif branding logo appbranding logo app

Қазақстанның Ресеймен шекарасында 500-ге жуық жүк көлігі кептелісі пайда болды

Жүк көліктері кептелісі
Жүк көліктері кептелісі. Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

13 желтоқсанға қараған түннен бастап БҚО-дағы "Сырым" авткөлік өткізу пунктінде Ресей Федерациясына қарай 450-500 жуық жүк көлігінің кептелісі пайда болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, жүк көліктерінің жиналуы 2024 жылғы 12 желтоқсаннан бастап Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясының Самара облысының аумағында ауа райының нашарлауына, атап айтқанда қалың қар, боран, көктайғақа байланысты пайда болған.

"Ресей Федерациясындағы федералды трассалар бойынша қозғалыс уақытша шектелген және Ресей ТЖМ мәліметтері бойынша шектеулер шамамен 2024 жылғы 13 желтоқсан сағат 22:00-ге дейін енгізілген.

Осыған байланысты жүк көліктерінің жүру бағыты бойынша қозғалу мүмкіндігі жоқ және жүргізушілер ауа райының жақсаруын күтіп отыр", - дейді мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері.

Бұл жағдай бойынша жүргізушілерге түсіндірме жұмыстар жүргізіліп жатыр, яғни кемпингтерде ауа райының жақсаруын күту немесе басқа облыстардағы жақын маңдағы өткізу пункттері арқылы маршрутты түзету ұсынылуда.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.