Тәулігіне 6 мың жолаушы: Шымкентте теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті
Опубликовано:
Шымкентте теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті. Енді нысан тәулігіне үш есе көп жолаушы қабылдай алады, деп хабарлайды OTYRAR Telegram-дағы арнасында.
Биыл көлік инфрақұрылымын жақсарту аясында Шымкент теміржол вокзалына күрделі жөндеу жүргізілді.
Күрделі жөндеудің мақсаты – жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және нысанды заманауи стандарттарға сәйкестендіру. Жөндеу нәтижесінде станция тәулігіне 2000-нан 6000 жолаушыға дейін қабылдайтын болды, ал ғимараттың жалпы ауданы 1770,2-ден 2250 шаршы метрге дейін кеңейтілді.
Сондай-ақ қасбет, есіктер, терезелер және инженерлік коммуникациялар жаңартылды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ыңғайлы болу үшін пандустар, тактильді жолдар және арнайы кассалар да жабдықталған.
Одан бөлек вокзалда заманауи Wi-Fi аймақтары, ақпараттық экрандар және багажды тексеруге арналған рентген аппараттары пайда болды.
Қазіргі уақытта Шымкент теміржол вокзалынан күн сайын түрлі бағыттар бойынша 20 жұп пойыз жөнелтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2200157-tauligine-6-myng-zholaushy-shymkentte-temirzhol-vokzaly-kurdeli-zhondeuden-otti/