27 градусқа дейін аяз, қалың қар, көктайғақ: елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райының қандай болатынын айтты. Елімізде күн күрт суытып, қар аралас жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Солтүстік және Оңтүстік циклондар әсер етеді.
14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын болады деп болжанды. 16 желтоқсанда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қалың қар жауады.
Сонымен қатар республика бойынша көктайғақ, тұман, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.
Ауа температурасы түнде республиканың солтүстік-батысында -10...-18 градусқа дейін, солтүстік пен орталықта -15...-25 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста -15...-25 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстігінде -10...-17 градусқа дейін, таулы аймақтарда -20...-27 градусқа дейін аяз болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2200184-27-gradusqa-deiin-aiaz-qalyng-qar-koktaigaq-elimizde-demalys-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/