jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Отбасы банк" өкілдері жаңа ипотекалық бағдарлама туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті

Қыз смартфонмен хабарлама жазып тұр
Смартфон ұстаған қыз. Көрнекі фото: pxhere.com

"Отбасы банк" өкілдері желіде жаңа ипотекалық бағдарлама туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Отбасы банктің" Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Желіде Отбасы банкінің "ORDA" жаңа ипотекалық бағдарлама туралы жалған ақпарат тарауда. Маңызды мәлімет: мұндай бағдарлама жоқ", - деп ескертті банк өкілдері.

Фишинг белгілері:

1. Жалған жіберуші мекенжайы – info@hcsbank.kz.

2. Күмәнді сілтемелер, жалған сайттарға апарады.

3. Шындыққа сәйкес келмейтін мерзімдер мен жеңілдіктер туралы ақпарат.

Фишингтік хат
Фишингтік хат. Фото: instagram.com/otbasy_bank_kz

"Сақ болыңыз! Отбасы банк жеке деректерді расталмаған сілтемелер арқылы сұрамайды және осындай хаттар жібермейді. Егер сізге келген ақпарат күмән туғызса, оны ресми сайттан немесе біздің байланыс орталығымыз арқылы нақтылаңыз", - делінген хабарламада.

Банк өкілдері тек ресми дереккөздерге сенуді шақырды. Банктің ресми сайты otbasybank.kz және байланыс орталығының нөмірі 300.

"Отбасы банк" өкілдері жаңа ипотекалық бағдарлама туралы жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.