jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесі іске қосылады

Көлік салонында тұрған хош иістендіргіш
Көлік ішін хош иістендіру. Фото: freepik.com

Шымкентте Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу бойынша атқарылған жұмыстар таныстырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, бұл - көлік қозғалысын басқарудағы әлемдік тәжірибелерді біріктірген инновациялық шешім. Жүйе арқылы жолдар мен қиылыстарға орнатылған сенсор арқылы көлік ағыны туралы ақпарат жиналады.

Сенсорлы құрылғылар:

  • микротолқынды — жолдағы кептеліс пен көлік ағымын нақты уақытта анықтайды;
  • инфрақызыл жылу сенсорлары — баннерлер мен ағаштарға қарамастан, көлік қозғалысын есептеп, бақылау мүмкіндігін береді;
  • радолокациялық — Темірлан тас жолы, Қонаев даңғылы сияқты магистрал көшелердің толық енін қамти алады.

Жүйенің нәтижесінде қаладағы 246 қиылысты интеллектуалды басқаруға, көлік қозғалысын автоматты түрде 24/7 бақылауға болады. Жол-көлік оқиғалары мен төтенше жағдайларға жылдам әрекет ету қауіпсіздік деңгейін арттырып, кептелісті азайтады. Қазіргі уақытта жаңа жүйе қаланың барлық бағдаршамы орналасқан қиылыстардың 71 пайызын қамтиды.

Артықшылықтары:

  • ыңғайлы және қауіпсіз көлік қозғалысы;
  • кептеліс пен апаттар санын азайту;
  • қала тұрғындары үшін заманауи, жайлы инфрақұрылым.

Шымкентте интеллектуалды көлік жүйесі іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.