jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

15 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Еліміздің көптеген өңірлерінде қарлы боран соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

15 желтоқсанда Астанада түнде қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Кей жерлерде көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында қар жауып, жаңбыр жауады. Ал облыстың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ болып, желдің екпіні 23 м/с жетеді.

Ақмола облысында түнде жаңбыр жауып, көктайғақ болады, кей жерлерде тұман түседі деп болжанды. Бұл ретте облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде бұрқасын, түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ертең Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

15 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, бұрқасын, облыстың батысында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында бұрқасын болады. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында жолдарда көктайғақ болып, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Абай облысында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күші 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 28 м/с жетеді.

Жетісу облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, жел екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшейеді.

Ал Алакөл көлдері аймағында жел екпіні 30 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар жауып, тұман түседі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.