jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Елде ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Құтқарушылар жолда көліктерге көмектесіп жатыр
Құтқарушылар жолда көліктерге көмектесіп жатыр. Көрнекі фото: gov.kz

15 желтоқсан күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгерді. Осыған байланысты бірқатар облыста жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компанияның Telegram-дағы мәліметіне сүйенсек, ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды және қойылады:

Түркістан облысы:

2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 14:00-де Түркістан облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 620-663 шақырымы аралығында (Т. Рысқұлов ауылынан Қарабұлақ ауылына дейін) жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Жамбыл облысы:

2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 17:00-де республикалық маңызы бар “Алматы-Ташкент-Термез” автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Алматы облысы:

2024 жылғы 15 желтоқсан сағат 17:00-де Алматы облысында ауа райының бұзылуына байланысты “Алма-Тау турбазасына кіреберіс” республикалық автожолының 0-15 шақырым аралығындағы (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Елде ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.