Атырауда орталық алаңның қоршалуы тұрғындарды алаңдатып қойды
Жарияланған күні:

Атырауда орталық алаңның қоршауға алынуы жұртты алаңдатып қойды. Алайда кейін алаңның қоршалуына қаланың бас шыршасының орнатылуы себеп болғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Telegram-дағы ATYRAU ONLINE парақшасында қаладағы орталық алаң жабылғаны түсірілген сурет жарияланды. Фотодан полиция қызметкерлерін де көруге болады.
"Полиция орталық алаңды қандай да бір мейрам немесе митинг үшін жауып қойды деп ойламаңыздар. Біз де бастапқыда солай ойладық... Бірақ, жоқ, бәрі тыныш әрі мерекелік көңіл күй сезіледі. Әкімдік жаңажылдық шыршаны орнатуға дайындалып жатыр екен", - деп жазды авторлар.
NUR.KZ тілшісі пікір алу үшін Атырау әкімдігіне жүгінді. Әкімдіктегілер азаматтарға алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты.
"Аталған аумақта расында да жаңажылдық шыршаны орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондықтан қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Полиция қызметкерлері ешқандай да тексеріс жүргізіп жатқан жоқ, олар тек түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Атырау әкімдігі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2200875-atyrauda-ortalyq-alangnyng-qorshaluy-turgyndardy-alangdatyp-qoidy/