Көктайғақ, тұман: синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады
Жарияланған күні:

Синоптиктер 17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.
17 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.
Шымкент қаласында 17 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
17 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
17 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
17 желтоқсанда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында 15-20, күндіз екпіні 17-22 м/с.
17 желтоқсанда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың батысында, солтүстістігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
17 желтоқсанда күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
17 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз күтіледі.
Алматы қаласында 17 желтоқсанда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі.
17 желтоқсанда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с.
17 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с.
17 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
17 желтоқсанда түнде және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
17 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Астана қаласында 17 желтоқсанда оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
17 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 25-28 градус қатты аяз күтіледі.
17-19 желтоқсанда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы 17 желтоқсанда, күндіз 18-19 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.
17 желтоқсанда Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2200878-koktaigaq-tuman-sinoptikter-elimizding-birqatar-ongirinde-eskertu-zhariialandy/