jitsu gif

"Көбі таңырқай қарайды": жолаушыларды ретро көлікпен таситын петропавлдық жүргізуші туралы не білеміз (видео)

Реро-такси жүргізушісі көлігінің жанында тұр
Ретро-такси жүргізушісі.Видеодан кадр: 24.kz

Қала тұрғыны Игорь Шешуринов жолаушыларды көненің көзіне айналған ескі "Волга" автокөлігімен тасиды. ХХ ғасырдың 60-жылдары шығарылған "темір тұлпар" әлі күнге дейін ешкімді жолда қалдырмай жүйткіп жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kz телеарнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Петропавл тұрғындары көне автокөлікті көшеде бірден таниды – кейбірі ретро-такси қызметін пайдаланған. Игорь Шешуринов жолаушыларды қазір сирек кездесетін ГАЗ-21 "Волга" автокөлігімен тасиды.

"Маған жолаушы тасыған ұнайды. Көбі оның әлі күнге дейін жүріп тұрғанына таңырқай қарайды. Жасы үлкен жолаушылар жастық шағын еске алады", - дейді Игорь Шешуринов.

"Волга" иесінен үлкен – 1965 жылғы. Бұрынғы кеңес заманында осындай көліктің 640 мың данасы шығарылған.

"Қарапайым көлік. Оңай жөнделеді. Сенімді. Жол талғамайды. Қанша көлік мініп көрдім, бұдан артығын көрмедім", - дейді таксиші.

Ретро-такси жүргізушісі алыс сапарға да жиі шығады. Соңғы рет Петропавлдан 840 км жердегі Екатеринбург қаласына (Ресей) барып келді.

"Көбі таңырқай қарайды": жолаушыларды ретро көлікпен таситын петропавлдық жүргізуші туралы не білеміз (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.