jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Боранда тасжолда қалсаңыз не істеу керек: маман кеңес берді

Боран
Боран. Көрнекі фото: pexels.com

Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы Бауыржан Ахметалин ведомствода өткен брифингте қолайсыз ауа райы кезінде тасжолда тұрып қалсаңыз не істеу керектігін түсіндірді. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқуға болады.

Бауыржан Ахметалин бірінші кезекте құтқарушылар мен полицейлерге орналасқан жеріңіз туралы хабарлау керектігін айтты.

"112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалып, нақты тұрған жеріңізді хабарлау қажет. Егер жақын маңда дәмхана, жанармай бекеті немесе жылу пункті болса, сол жерге барып, құтқарушыларды күткен дұрыс. Ал егер айдалада қалсаңыз, көмек келгенше көлікте отырғаныңыз жөн", - деп кеңес береді маман.

Сондай-ақ, оның айтуынша, құтқарушылар сізді тез арада таба алуы үшін белгілі бір уақыт аралығында сыртқа шығып, көлігіңізді қардан тазалау керек.

"Көлікті мезгіл-мезгіл қыздыруды ұмытпаңыз, бірақ жанармайды үнемдеңіз. Көлігіңізде әрқашан сымарқан, күрек, жылы киім мен азық-түлік – су мен жеңіл тамақ болуы керек", - деді спикер.

Боранда тасжолда қалсаңыз не істеу керек: маман кеңес берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.