jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

Алматыда сот шешімімен екі көпқабатты үй сүріліп жатыр (фото)

Бұзылуы керек екі қабатты үй
Үш қабатты үй. Фото: Алматы әкімдігі

Алматының "Нұр-Алатау" ықшамауданында сот шешімімен Қ.Тауасарұлы көшесінде орналасқан екі үш қабатты тұрғын үй бұзылып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда сот шешімімен екі тұрғын үйді бұзуға рұқсат етілді. Бүгін "Нұр-Алатау" ықшамауданындағы Қ.Тауасарұлы көшесі, 71/21 бойындағы бір учаскеде орналасқан үш қабатты үйлерді бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Бұзылуы керек екі қабатты үй
Үш қабатты үй. Фото: Алматы әкімдігі

"Жоспардан тыс тексеру барысында рұқсат құжаттарының толық емес екені анықталды, нәтижесінде меншік иелеріне (жеке тұлғаларға) әкімшілік шара қолданылды.

Көп ұзамай басқарма Бостандық аудандық сотына нысандарды бұзу туралы талап арыз берді. 2023 жылдың 29 қыркүйегінде сот екі үйді бұзу туралы шешім қабылдады. 2024 жылғы 31 қаңтарда Алматы сотының қаулысымен аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалды.

Кейін сот шешімі әділет департаментіне келіп түсті, онда атқарушылық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Бұзылуы керек екі қабатты үй
Үш қабатты үй. Фото: Алматы әкімдігі

Үйлердің бөлшектелуін меншік иелері сот орындаушыларының қатысуымен өз еркімен бастады. Әкімдіктің мәлімдеуінше, бұл нысандардың құрылысы заңға сәйкес жүргізілмеген.

Алматыда сот шешімімен екі көпқабатты үй сүріліп жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.