jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор
Ляззат Салимова
Ляззат Салимова
Бұрынғы қызметкер

"Желі қолданушылардың құқығы бұзылды": комитет Қазақстандағы интернет ақауына қатысты пікір білдірді

Google іздеу жүйесі
Көрнекі фото: pixabay

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілі жыл басынан бері 2000-нан астам қазақстандық интернеттің баяу істейтініне шағым айтқанын жеткізді. Мұндай деректерді ол Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

14-16 желтоқсан күндері қазақстандық желі қолданушылары елде интернет жылдамдығы нашарлап, WhatsApp, Google, Tik-Tok, YouTube сияқты сервистердің дұрыс істемей қалғанын хабарлады. Бірі әлеуметтік желілерге кіру қиындап кететінін айтса, енді бірі Google іздеу жүйесін пайдалана алмай қалғанына шағымданды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Болат Танабергеновтың айтуынша, 2024 жылдың 11 айында тұтынушылардан 56 мыңға жуық шағым түскен.

"Өкінішке орай тұтынушылар бізге хабарласып, интернеттің баяу жасап тұрғанына шағымданды. Жыл басынан 2000-ға жуық халық ұялы байланыс ақауларына шағымданған. Оның ішінде интернет те бар. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға сәйкес Интернет қолданушылардың құқықтары бұзылған. Біз өз тарапымыздан түскен шағымдар бойынша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне хат жолдаймыз", - деп жауап берді журналист сұрағына Болат Танабергенов.

"Желі қолданушылардың құқығы бұзылды": комитет Қазақстандағы интернет ақауына қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.