jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, 25 градус аяз болады

Қар
Қар жауып тұрған сәт. Көрнекі сурет: ANATOLII STEPANOV/AFP via Getty Images

Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күнге, 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді. Нәтижесінде қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел күтіледі.

Синоптиктер болжамынша, 19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты қар жауады.

21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклонының жылжуымен еліміздің батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасының төмендейді деп болжанды.

Республика бойынша тұман түсуі ықтимал.

Түнде еліміздің батысында -3...-13-градустан -5...-18 градусқа дейін, шығысында -10...-26 градустан -7...-20 градусқа дейін аяз болады деп болжанды.

Қалған аумақтарда ауа температурасының түнде солтүстік-батыста, солтүстікте -10...-20 градусқа дейін, орталықта -13..-25 градусқа дейін, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында -7...-13 градус, таулы аудандарда -15...-18 градусқа дейін төмендейді.

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде қар жауып, 25 градус аяз болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.