jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкент саябақ салудан рекорд орнатты

Саябақ
Саябақтағы аттракцион. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент саябақ салудан рекорд орнатты. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Шымкентте жыл басынан бері 24 гүлзар халық игілігіне берілді. Бұл рекордтық көрсеткіш дейді жауаптылар. Осылайша мегаполистегі саябақ саны 60-тан асқан. Ал жергілікті халық демалыс орындарының тағы да көбейгенін қалайды

"Жалпы рекордты деп айтсақ болады. 1 жылда 24 үлкенді-кішілі саябақтың құрылысы жүргізілді. 2024 жылы Әл-Фараби ауданына қарасты Сәуле шағынауданында, яғни ең шеткі аудандардың бірінде 2500 гектарды құрайтын саябақтың құрылысын жүргіздік", - деді Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар.

Айта кетейік, бүгінде қаладағы демалыс орындарының саны 60-тан асқан. Олардың басым бөлігі кәсіпкерлер есебінен салынған. Тағы 5 саябақтың құрылысы жүріп жатыр. Тиісті жұмыстар келер жылы аяқталып, қолданысқа берілмек.

Шымкент саябақ салудан рекорд орнатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.