Top.Mail.Ru

Зектілері

Алматы метросындағы ер адамның қазасынан кейін қандай шара қабылданады: Досаев жауап берді

Жарияланған күні:

Алматы метросы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы метросындағы кісі қазасынан кейін вагондардың арасындағы ашық қалған орындарға турникеттер қойылатын болды. Бұл туралы брифинг барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Брифинг кезінде журналистердің бірі Ерболат Досаевтан жақында Алматы метросында зағип жанның қайтыс болғанын айтып, қала қашан зағип жандар үшін ыңғайлы болатыны туралы сұрады. Бұл сұраққа әкім қалада ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барлық жағдай әлі де жасалмағанын айтып, жауап берді.

"Бәріміздің жүрегімізге тиген оқиға болды. Отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Келесі жылы платформаға арнайы турникеттерді бекітеміз. Екі вагонның ортасы бос болып қалған. Сол екі вагонның арасын жалғайтын турникеттер келесі жылы қондырылады. Екіншіден, өздеріңіз видеода көргендеріңіздей, сол жағдай кезінде қасында жас жігіттер болды. Осындай көмекке зәру адамды көрсек көмектесейік, қолымызды созайық. Алматы біздің ортақ үйіміз ғой. 2025 жылға тапсырыс бердік. Турникеттер қойылатын болады. Иә, Алматы қаласының қазіргі инфарқұрылымы қажеттілігі бар адамдар үшін барлық талапқа сай жасалмаған", - деп жауап берді Ерболат Досаев.

Досаев бұл іс бойынша қазіргі кезде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, полиция департаменті де тергеу-амалдарын бастағанын айтты.

Айта кетейік, таяуда Алматы метросында ер адам рельске құлап кетті. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады. Кейін қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі жәбірленушінің қайтыс болғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2201766-almaty-metrosyndagy-kisi-qazasynan-keiin-ne-ozgeredi-dosaev-zhauap-berdi/