jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

200 млн теңге жымқырған: Астанада "ҚазАвтоЖол" компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Астанада "Жақсы-Есіл-Бузулук" автожолын жөндеуге және көпір салуға бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған "ҚазАвтоЖол" компаниясының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты "Жақсы-Есіл-Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.

Келісімшарттың бұзушылықтармен жасалғандығы және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған", - делінген прокуратураның Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратта.

Сот екеуін де 8 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде шешім шығарды. Бұған қоса, сот мемлекетке тиген залалды өндіріп ала алады.

Сот үкімі әзірге күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасына қатысты істі трегеу осы күзде аяқталған.

Осы жылдың сәуірінде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ компаниясының бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталғаны мәлім болды.

Асқар Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" төрағасы қызметіне 2021 жылы сәуірде тағайындалып, 2022 жылғы ақпанға дейін осы қызметті атқарған.

200 млн теңге жымқырған: Астанада "ҚазАвтоЖол" компаниясының бұрынғы төрағасы сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.