jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте байланыс операторларына 44 млн теңге айыппұл салынды

Ұялы телефон ұстап тұрған адам.
Ұялы телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте ұялы байланыс пен интернет сапасы сын көтермейді. Бұл мәселе мегаполисте шалғай орналасқан елдімекендерде көп кездеседі. Интернет желісінің жұмыс істеу сапасын жақсарту мақсатында жауаптылар тексеру жүргізіп, нәтижесінде 39 орында мобильді байланыстың сапасы төмен екенін анықтаған. Нәтижесінде байланыс оперторларына 44,3 млн теңге айыппұл салған, деп хабарлайды Ontustiktv.kz.

Шымкент тұрғындарының байланыс операторларына өкпесі қара қазандай. Себебі байланыс нашар, тариф қымбат. Кей компания антеннаны белгіленген аймаққа емес, тұрғын үйдің шатырына орнатуды әдетке айналдырған. Бұл өз кезегінде адам денсаулығына зиян дейді жұрт. Ал Тоғыс аумағының тұрғындары 6 жылдан бері мобильді желі мүлдем ұстамайтынын айтты.

Осы ретте жауапты маман Қазығұртта байланыстың болмауын станциядағы тоқ беретін құрылғының ұрлануымен байланыстырды.

"Бізде Қазығұрт ауданында жақын арада ұрлық болды. Сол уақытта бізде аккумулятор болмай тұрды. Қазір аккумулятор қойылып, Қазығұрт ауданы жақсарылды. Сол өшкен кезде кезекші инженер барады. Аккумулятор қойылып, байланыспен қамтамасыз етіледі. Қазығұрт қазір орнына келді", - деді Kcell байланыс операторының өкілі Ержан Махмудов.

Ал Ақтас және Тоғыс тұрғын алабының тұрғындары тарифтың тым қымбат екенін айтады. Елдімекенде электр жарығы жиі өшуі себебінен байланыс та болмайды екен.

Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 3G байланысынан 5G байланысына көшу керек екенін айтқан еді. Алайда Шымкентте жоба қашан толық іске асатыны белгісіз.

Шымкентте байланыс операторларына 44 млн теңге айыппұл салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.