jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкент әкімі бірнеше нысанда болып, жұмыс барысын тексерді (видео)

Ғабит Сыздықбеков
Ғабит Сыздықбеков. Фото: instagram.com/ akimat_shymkent

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков қаладағы бірқатар нысанды аралады. Әкім Еңбекші ауданы, Сайрам көшесінің бойында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып жатқан жаңа қоғамдық орын құру жұмысымен танысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шымкент қалалық ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, аумағы 10 мың шаршы метрден асатын бұл жерде қала тұрғындарының жайлы демалысы үшін орындық пен әткеншектер, жарықшамдар және екі спорт алаңшасы орнатылады.

Сонымен қатар саябақ аумағында сакура мен платан көшеттері отырғызылып, автоматты суару және дренаж жүйесі бар көгал жасалады. Бұл нысанды келесі аптада тұрғындардың игілігіне тапсыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кондитерлік өнім шығаратын "Рахат Шымкент" ЖШС-нің жұмысымен де танысты. Кәсіпорында 440-тан астам жұмыс орны ашылған. Келесі жылы мұнда жабдықтарды жаңғыртып, өнім көлемін арттыру көзделіп отыр.

Қала басшысы теміржол вокзалы аумағындағы көктайғаққа байланысты тұрғындардың шағымын да назардан тыс қалдырмады. Жағдаймен танысып, жауапты мамандарға қарды тазалау және шығару жұмыстарын күшейтуге тапсырма берді.

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін кіреберіс пен жол төсемдерін мұзға қарсы реагенттермен өңдеуді міндеттеді.

"Алдағы уақытта әріптестеріммен бірлесе отырып, осы аумақтағы мұзға қатысты мәселені шешу жолдарын жан-жақты қарастырамыз", - деді шаһар басшысы.

Әрі қарай Тұран ауданында орналасқан №15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысына барды. Нысан келесі жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі. Қала басшысы мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтау бойынша тапсырма берді.

Сонымен қатар Әл-Фараби ауданындағы "Мұз сарайын" аралап, спортшыларға жасалған жағдаймен де танысты. Жаттықтырушылармен және тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгімелесіп, бұқаралық спорт пен балалар-жасөспірімдер спортына басымдық беруді жалғастыратынын айтты.

Шымкент әкімі бірнеше нысанда болып, жұмыс барысын тексерді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.