jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкент әкімі кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбекпен кездесті

Ғабит Сыздықбеков пен Сұлтан Зауырбек
Ғабит Сыздықбеков пен Сұлтан Зауырбек. Фото: instagram.com/gabit_syzdykbekov

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбекпен кездесті. Бұл туралы мегаполис басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Бүгін Шымкент бокс мектебінің түлегі, кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбекпен кездестім. Сұлтанды WBA Continental титулын сәтті қорғағанымен құттықтап, кәсіби рингте одан әрі жетістіктер тіледім.

Кездесу барысында Шымкентте кәсіби бокс кешін өткізу мүмкіндігін де талқыладық. Іс-шараны ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімді білдірдім", - деп жазды әкім.

Сұлтан Зауырбек желтоқсан айының басында Ирландияның Уотерфорд қаласында поляк боксшысы Дамиан Вржесинскиді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, WBA Continental титулын сәтті қорғады және жеңістер сериясын 19 жекпе-жекке дейін жеткізді.

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетуін тіледі.

Шымкент әкімі кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбекпен кездесті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.