Түркістан облысында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы шектелді (видео)
Опубликовано:
20 желтоқсанда Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Министрліктің Telegram-дағы ресми арнасында жариялаған мәліметі бойынша, жұма күні Түркістан облысында ауа райы нашарлап, қардың қалың түсуі жүргізушілерге қолайсыздық келтірді.
"Осыған орай республикалық маңызы бар Шымкент — Тараз және Алматы, Тараз — Шымкент бағыттары бойынша автожолдарға шектеу енгізілді", - деп хабарлады полицейлер.
Полиция жариялаған видеодан боранды жолда ондаған автокөлік тұрып қалғанын көруге болады.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты полиция жол ережелерін сақтауға және жолдарда мұқият болуға кеңес береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2202831-turkistan-oblysynda-aua-raiynyng-nasharlauyna-bailanysty-kolik-qozgalysy-shekteldi-video/