jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте заманауи SMART дәретханалар пайдалануға берілді

Дәретхана белгісі
Дәретхана. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте "Мирас" университетінің MIRAS TAZALY инновациялық жобасы қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Қоғамдық орындарға қойылған SMART дәретханалар заманауи технологиялармен жабдықталған және еуростандартқа сай келеді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жобаның басты мақсаты — қалаға заманауи және экологиялық шешімдер енгізу.

Басылым мәліметіне сүйенсек, әжетханалар қауіпсіздік талаптарына сай жасалған. Терезе түсі арқылы іште адам бар-жоғын анықтау мүмкіндігі тазалық жұмыстарының да сапалы болуын қамтамасыз етеді. Әжетханаға кіру үшін QR код арқылы төлем жасау қажет. Ішіндегі терезелер адамның кіріп-шығуына байланысты автоматты түрде күңгірттеніп, қайта мөлдірленеді.

Сондай-ақ ауа тазартқыш, жазда салқындатқыш, қыста жылы еден жұмыс істейді. Дәретханада су үнемдейтін және сенсор арқылы іске қосылатын құрылғылар орнатылған.

Қазіргі таңда мұндай әжетханалар қалада екі жерде қойылып, қолданысқа берілді. Алдағы уақытта аталған SMART дәретханалардың санын арттыру жоспарланып отыр.

Шымкентте заманауи SMART дәретханалар пайдалануға берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.