jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жаңажылдық безендіруге қанша қаражат кетті

Жаңажылдық шырша
Жаңажылдық шырша: pixabay.com

Шымкентте Жаңа жылға дайындық басталып кетті. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайдвэы.

Қалалық басқарма Шымкенттегі бес ауданның әрқайсысында шырша орнататын алаң таңдалғанын хабарлайды. Мәселен, Еңбекші ауданында мерекелік ағаш Түркия мен Қазақстанның достық скверінде, ал Тұранда Абай саябағында, Әл-Фараби ауданында орыс драма театрының алаңында орнатылады.

"Абай" ауданында биыл төрт локация безендіріледі. Шырша Наурыз алаңына қойылады. Одан бөлек Асар аллеясы мен дендропарк та мерекеге дайындалады", - деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұргүл Нұрбекова.

2024 жылы қаланы мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлу жоспарланып отыр.

Оның ішінде:

Абай ауданы — 15,7 млн теңге,

Әл-Фараби ауданы — 21 млн теңге,

Еңбекші ауданы — 13,5 млн теңге,

Қаратау ауданы — 16,8 млн теңге,

Тұран ауданы — 13,5 млн теңге.

"21 желтоқсан күні біз Әл-Фараби алаңында мерекелік шара өткіземіз. Одан бөлек ерекше жандарға ойын алаңын ұйымдастырамыз", - деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұргүл Нұрбекова.

Шымкентте жаңажылдық безендіруге қанша қаражат кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.