Зектілері

Шымкентте коммуналдық қызметтер ауа райына байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр

Жарияланған күні:

Шымкенттегі коммуналдық қызметтер
Шымкенттегі коммуналдық қызметтер. Видеодан кадр: youtube.com/ OTYRAR

Шымкентте жолдарда және қоғамдық орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауқымды қар тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Басылым мәліметіне сүйенсек, коммуналдық қызметкерлер мен мамандандырылған техниктер қатты қардың салдарын жедел жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Магистральдық жолдар мен орталық көшелерді тазарту үшін 189 арнайы техника, 500-ге жуық қызметкер қызмет етіп жатыр. Қала саябақтары мен гүлзарларында жаяу жүргіншілер жолын 114 қызметкер жинап жүр.

Қала аудандарындағы жұмыс:

Абай ауданында 80 негізгі көшеде жолдарды инертті материалдармен механикалық тазалайтын және өңдейтін 100 қызметкер мен 31 техника жұмыс істейді.

Көше арасы мен аулалар үшін 11 техника, 50 қызметкер тартылса, жаяу жүргіншілер жолын тазалауға арналған 10 арнайы аппарат жұмылдырылған. Ал Әл-Фараби ауданында 30 қызметкер, 6 техника жұмыс істеп жатыр.

Ал Қаратау ауданындағы 638 көшеде, оның ішінде әлеуметтік нысаны бар 128 көшеде 100 қызметкер, 12 техника қызмет етеді. Қазір жалпы ұзындығы 123 км жаяу жүргіншілер жолын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Тұран ауданында қар тазалау жұмыстарына 180 қызметкер, 48 техника жұмылдырылған. Ал Еңбекші ауданында көше арасы мен аулаларды тазарту жұмыстарына 132 қызметкер мен 7 техника кірісті.

Қар тазалау техникасы жолдарды белсенді түрде тазартады және көктайғақтың пайда болуына жол бермейді.Барлық қолжетімді арнайы техника паркі ауа райының қолайсыздығында қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін тартылған.

Коммуналдық қызметтер Шымкент тұрғындары үшін қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2202947-shymkentte-kommunaldyq-qyzmetter-aua-raiyna-bailanysty-taulik-boiy-zhumys-istep-zhatyr/