jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Талғат Дүйсенбек
Талғат Дүйсенбек
Бұрынғы қызметкер

Алматының қар басқан жолдарында 10 балдық көлік кептелісі пайда болды (фото)

Көлік кептелісі
Көлік кептелісі. Көрнекі сурет: Getty Images

20 желтоқсанда кешке Алматы қаласының көшелерінде 10 балдық көлік кептелісі пайда болды. Кей жерлерде жол апаты тіркелді. Бүгін оңтүстік астанаға қар көп жауды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" жұма күні Алматыда қар жауатынын ескерткен. Қалаға бірнеше сағат бұрын шынымен қалың қар түсті. 2ГИС мәліметінше, қазір мегаполисте 10 балдық көлік кептелісі тіркелген. Картада көшелердің барлығы дерлік қызыл түске боялғанын байқауға болады. Қызыл түс көлік кептелісін білдіреді.

Бұған қоса, көшелердегі жол апаттары да қозғалысты одан сайын қиындатып жіберді. Кептелісте тұрған жүргізушілер қозғалыстың жылжымай тұрғанына ашулы.

Алматы қаласында 2024 жыл 20 желтоқсандағы көлік кептелісі
Алматы қаласында 2024 жыл 20 желтоқсандағы көлік кептелісі. Скриншот: 2gis.kz

Айта кетейік, "Қазгидромет" ертең Алматыда көктайғақ болатынын ескертті. Ауа райын болжаушылар мәліметінше, демалыс күндері Қазақстанның көптеген өңірінде қар түсіп, боран, көктайғақ болады.

Қыркүйекте сарапшылар зерттеу жариялап, Алматы қаласы көшелерінде қозғалыс ыңғайлы болуы үмін мегаполис жолдарында көлік саны 170 мыңнан аспауы тиіс екенін айтқан.

Алматының қар басқан жолдарында 10 балдық көлік кептелісі пайда болды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.