jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ДМ
Динар Мұрат
Бұрынғы қызметкер

"Сыртқа шығуға қорқамыз": Түркістан облысында қасқырлар мен қаңғыбас иттерден үрейленген тұрғындар жанайқайын айтты

Ақ қасқырлар
Орманда ұлыған қасқырлар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысы Қосағаш ауылының тұрғындары қасқырлар мен қаңғыбас иттердің шабуылынан қорқып, үйінен шығудан қалған. Ауыл көшелерінде жарық жоқ, сондықтар жыртқыштар онда емін-еркін жүреді, дейді олар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл тұрғыны Гүлайым Қалмырзаеваның айтуынша, қасқырлар таудан түсіп, ауыл ішін кезіп жүреді.

"Қасқырлар мен қаңғыбас иттер ауылда еркін жүреді. Сыртқа шығуға қорқамыз," – дейді ол.

Тұрғындар, әсіресе, мектептен тас қараңғыда қайтатын балалар үшін алаңдаулы. Ауылда жарықтандырылған бірде-бір көше жоқ. Электр желілерінің де жағдайы мәз емес: жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылған желілер жиі істен шығып, кернеу тұрақсыз болып тұр.

"Теледидар көрсек, тоңазытқышты өшіруіміз керек. Телефонды зарядтау үшін де басқа құрылғыларды өшіруге мәжбүрміз. Тоңазытқышымыз жанып кетті, қазір ол тек шкаф ретінде тұр", - деді ауыл тұрғыны.

Шенеуніктер ауылдағы мәселеден хабардар екенін, оны шешуге тырысып жатқанын жеткізді. Әзірге олар алдымен үйлерді тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл жұмыстарға бюджеттен 267 миллион теңге қаражат қажет болады.

"Алдымен ішкі тіректерді, трансформаторларды және кабельдерді жаңартамыз. Бірақ көшелерді жарықтандыру мәселесі әзірге қарастырылған жоқ", - дейді тұрғын үй басқармасының басшысы Тұрдалы Әбдәкімов.

Дереккөз: КТК

"Сыртқа шығуға қорқамыз": Түркістан облысында қасқырлар мен қаңғыбас иттерден үрейленген тұрғындар жанайқайын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.