Зектілері

Боран, көктайғақ: Астана және тағы бірнеше өңірде дауыл тұрады

Жарияланған күні:

Қарлы боранда кетіп бара жатқан қыз
Қарлы боран. Көрнекі сурет: Gillian Henry/Getty Images

23 желтоқсанда ауа райының күрт бұзылуына байланысты ескерту жарияланды. Бірнеше өңірде боран, көктайғақ болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлайды.

23 желтоқсан, дүйсенбіде Астана қаласында бұрқасын болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады деп болжанды. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Дүйсенбі күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Петропавл қаласында ертең күндіз бұрқасын болады.

Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады деп болжанды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

23 желтоқсанда түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады. Алакөл көлі аудандарында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Дүйсенбіге қараған түні және таңертең Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

23 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанды.

Дүйсенбіде Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында бұрқасын болады. Шығыстан жел соғады. Өңірдегі тау асуларында оның күші 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкент қаласында дүйсенбіге қараған түні және таңертең тұман түседі. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар облысының шығысында тұман түседі. Павлодар қаласында дүйсенбіге қараған түні және таңертең тұман түседі деп болжанды.

23 желтоқсанда күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Дүйсенбіде күндіз Батыс Қазақстан облыстың батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с дейін артады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында кейде оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы қаласында 23 желтоқсанда кейде тұман түседі. Қонаев қаласында дүйсенбі күні шығыстан жел соғады, кейде оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Дүйсенбіге қараған түні Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағанды қаласында бұрқасын болады.

23 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түседі.

Дүйсенбі күні Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді деп болжанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2203379-boran-koktaigaq-astana-zhane-tagy-birneshe-ongirde-dauyl-turady/