"Акулаларды еркелетеміз": Астанадағы океанариумда қызмет ететін ер адам қызықты жұмысы жайлы айтып берді (видео)
Жарияланған күні:

Астанадағы океанариумда қызмет атқаратын Сейілбек Нақып "Таңшолпан" бағдарламасына сұқбат беріп, өзінің мамандығы жайлы сыр шертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Qazaqstan TV ұлттық арнасы өзінің Instagram-дағы парақшасында қызығы мен шыжығы қатар жүретін аквалангистің бір күндік өмірін көрсетті.
Сейілбек Нақып 17 жыл бойы Астана қаласындағы "Думан" океанариумында ірі балықтарды қоректендірумен айналысатын аквалангист қызметін атқарып келеді.
"17 жылдан бері су ішінде жүрмін. Суға сүңгіген сайын бақыттымын. Әр аквалангисттің сүйікті балығы болады. Кішкентай балаларды еркелеткендей акулаларды еркелетеміз, балықтармен амандасамыз. Су асты әлемінде қызық нәрсе көп", - дейді кейіпкер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2203545-akulalardy-erkeletemiz-astanadagy-okeanariumda-qyzmet-etetin-er-adam-qyzyqty-zhumysy-zhaily-aityp-berdi-video/