Шымкентте алғаш рет лазерлік шоу өтті (видео)
Жарияланған күні:

Шымкентте жаңажылдық шырша жағу рәсімінде лазерлік шоу мен Open Air Shymkent 2024 фестивалі өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімдіктің Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, фестиваль бағдарламасы әртүрлі қызықты қойылымдар мен әсерлі шоуларға толы болған.
Laser Show мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылды.
Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына заманауи технологияларды пайдалана отырып, қала жетістіктерін бейнелейтін көркем көріністер ұсынылды.
Бұдан бөлек "Шымкент-цирк" өнерпаздарының қойылымы – цирк өнерінің ең үздік және әсерлі нөмірлері сахналанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2203844-shymkentte-algash-ret-lazerlik-shou-otti-video/