Шымкентте Жаңа жыл мерекесіне орай қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Опубликовано:
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Жаңа жыл қарсаңында өрт қауіпсіздігі мен пиротехникалық құралдарды дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, бұл шаралар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Қауіпсіздік шаралары екі кезеңде жүзеге асырылады.
1-кезеңде:
- Жаңа жылдық шаралар өтетін объектілердің тізімі жасалды. Мерекелік іс-шаралар 8 әлеуметтік мекемеде, "Оқушылар сарайы" мен "Концерттік-көрме орталығында" өтеді. Қала аумағында 5 ірі алаң мен саябақта жаңа жылдық шыршалар орнатылады.
- Мерекелік орындар толықтай тексеріліп, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы қадағаланды.
2-кезеңде:
- Іс-шаралар кезінде офицерлер мен өрт сөндіру техникаларының кезекшілігі ұйымдастырылады.
- Сауда орындары мен базарларда рейдтер өткізіліп, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндірілуде.
Бүгінде мереке күндеріне орай жедел топтар құрылған. Олар қоғамдық орындарда және мерекелік алаңдарда кезекшілік атқарады. Сонымен қатар рейдтерге полиция қызметкерлері мен еріктілер тартылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл шаралар тұрғындардың мерекені қауіпсіз және жайлы жағдайда атап өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2203883-shymkentte-zhanga-zhyl-merekesine-orai-qauipsizdik-sharalary-kusheitildi/