Зектілері

Тұман, көктайғақ: еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

боран
Боранда жолға шыққан адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жасап, еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады. Бұл туралы "Қазгдромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

24 желтоқсанда Жетісу облысында шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

24 желтоқсан Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Мұғалжар ауданында екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Астана қаласында 24 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі.

Алматы қаласында 24 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

24 желтоқсанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

24 желтоқсанда Павлодар облысының шығысында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2203889-tuman-koktaigaq-elimizding-birneshe-ongirinde-eskertu-zhariialandy/