Бүгін еліміздің ірі қалаларының бірінде 18 градусқа дейін аяз болады
Жарияланған күні:

Астана, Алматы мен Шымкентте 24 желтоқсан күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы -1 градусқа дейін көтеріліп, түнде -14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,3 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктер болжамынша, аздаған бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -7 градусқа дейін жетіп, түнде -18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 1 градусқа дейін жетіп, түнде -9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2203934-bugin-elimizding-iri-qalalarynyng-birinde-18-gradusqa-deiin-aiaz-bolady/