jitsu gif

Шымкентте мүгедектігі бар 41 мыңнан астам азамат тіркелген

Мүгедек арбасы
Арба. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласында 41 532 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оларға оңалту бағдарламасы аясында 40 мыңнан астам қызмет көрсетілген. 1200-ден астам адамға қоларба берілсе, 9000-ға жуық азамат санаторийлік емделуге жолдама алған, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Биыл мүгедектігі бар азаматтарға арналған оңалту бағдарламасы бойынша 49 205 өтінім қабылданып, оның 40 мыңнан астамы қанағаттандырылды. Бұл өтінімдерге сурдо-тифло техникалық құралдар, гигиеналық құралдар, санаторлық-курорттық емдеу, ымдау тілі мамандарының қызметтері және жеке көмекші қызметтері кіреді. Мәселен, мүгедектігі бар жандарға 20 359 қажетті құрал берілген.

"Біздің басқарманың негізі бір саласы – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау. Қазір 41532 мүгедектігі бар азамат бар. Оларға протез-ортопедиялық, сурдтотехникалық, тифло, гигиеналық, кресло арба, жеке көмекші қызметтері көрсетіледі", - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған қызметтер тізімі де кеңейіп келеді. Мысалы 1 266 мүгедектігі бар адамға қоларба берілді. Ал 8 916 адам емделуге жолдама алды. 2023 жылы бұл көрсеткіш 6 644 жолдаманы құраған еді.

"Мемлекеттік сатып алу арқылы 5000 адам жоспарланып, бүгінгі таңда жіберілді. Сонымен қатар, қарттарымызды толығырақ қамту мақсатында "Ізетті зейнеткер" деген мекеме ашылған. Бүгінгі таңда онда 2000-ға жуық азамат санаторийлік емделуге барып жатыр", - дейді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 41 532 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде бірінші топтағы мүгедектігі бар адам 4 658 болса, екінші топтағы 15 421, үшінші топтағы ерекше азаматтар саны 13 485. Ал 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны 7 968-ді құрайды.

Шымкентте мүгедектігі бар 41 мыңнан астам азамат тіркелген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.