jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

Шырша
Шырша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

2025 жылғы қаңтар айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Жаңа жыл мерекесіне орай биыл ел тұрғындары 1-4 қаңтар аралығында демалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

1 қаңтардан 4 қаңтарға дейін (қоса алғанда) демалады. Ал 5 қаңтар жексенбіге сәйкес келсе де, жұмыс күні болады.

Басында 3 қаңтар жұмыс күні ретінде жоспарланған еді. Дегенмен кейіннен еңбек министрлігінің бұйрығымен 3 қаңтардағы жұмыс күні жексенбіге, яғни 5 қаңтарға ауыстырылды. Сондықтан 5-6 қаңтар – жұмыс күндері.

Ал Рождество мерекесі 7 қаңтарға сейсенбіге сәйкес келіп, қазақстандықтар тағы бір күн демалады.

"Осылайша, қаңтардың басында қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында бес демалыс күніне ие болады: 1-4 қаңтар және 7 қаңтар. Ал алты күндік жұмыс аптасында – төрт демалыс күні: 1-3 қаңтар және 7 қаңтар", - делінген еңбек министрлігінің мәлімдемесінде.

Жалпы қаңтар айында барлық мереке күндерін қоса есептегенде, бес күндік жұмыс аптасында 11 демалыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 7 демалыс күні болады.

Қазақстандықтар Жаңа жылда қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.