jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте "Шахматшылар үйі" пайдалануға берілді

Шымкенттегі "Шахматшылар үйі"
Шымкенттегі "Шахматшылар үйі". Фото: t.me/shymkentgov

Шымкентте ардагерлер мен қарияларға арналған "Шахматшылар үйі" пайдалануға берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін тұрғындар бірнеше рет қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қабылдауы мен көшпелі кездесулерінде шахматқа арналған арнайы орын салып беру туралы өтінішін білдірген болатын.

Халықтың пікірін ескерген мегаполис басшысы жайлы ортаны дамыту басқармасына нақты тапсырма берді.

Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Орталық саябақ аумағында шахматшыларға арналған жаңа заманауи ғимарат ашылды. Ашылу салтанатына қала әкімі, жергілікті тұрғындар, ардагерлер мен қариялар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жаңа нысанда бір уақытта 40 адам шахмат ойнай алатын 20 шахмат үстелі орнатылды. Бұдан бөлек қариялардың тиімді уақыт өткізіп, спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдай қарастырылған. Ғимарат толық жылу жүйесімен және электр желісімен қамтамасыз етіліп, орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған.

Айта кетейік, бұл жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеушілер есебінен салынды.

Шымкентте "Шахматшылар үйі" пайдалануға берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.