jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкенттегі аудандардың бірінде 370 көше жарықтандырылды

Жарық есептеуіш құрал
Жарық есептеуіш құрал. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттегі Қаратау ауданында 370 көше жарықтандырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, биыл ауданда көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілген. 2023 жылы аудан аумағында 30 көше жарықтандырылса, биыл 370 көшеге жарық жүйелері жүргізілді.

Сондай-ақ ауданда бір жылда 206 көшеге толығымен асфальт төселіп, тұрғындар өтінішіне сәйкес 19 орынға ирригациялық арық салынды. Жергілікті азаматтардың өтініші негізінде 21 аулаға балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 аулаға ашық спорт алаңдарының құрылысы жүргізілді.

Биыл 4 елдімекенді ауыз сумен және табиғи газбен қамту жұмыстары жүргізілді. "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында 8 демалыс орны салынып, тұрғындар игілігіне берілді.

Сонымен қатар 25 көпқабатты үйдің қасбеттері безендіріліп жарықтандырылды. Нұрсәт шағынауданы мен Нұрсәт тұрғын алабында орналасқан көпқабатты үйлерге түрлі тақырыпта 13 мурал салынды.

Шымкенттегі аудандардың бірінде 370 көше жарықтандырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.