Top.Mail.Ru

Зектілері

Астанада заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

Жарияланған күні:

"Onyx-2" ТК сүрілуде
"Onyx-2" ТК сүрілуде. Фото: t.me/astana_newss

Елордада Нұра ауданындағы Шыңғыс Айтматов көшесі 49 мекенжайында орналасқан "Onyx-2" тұрғын үй кешенінің рұқсатсыз құрылысының басталуы тоқтатылды. Тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана әкімдігінің Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, елорданың Нұра ауданындағы Шыңғыс Айтматов көшесі, 49 мекенжайындағы өз бетінше басталған "Onyx-2" ТК-ның құрылысы тоқтатылды. Тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Елорда аумағында тұрғын үй кешендерін заңсыз салу фактілерін анықтау және жолын кесу Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізіледі.

"Тапсырыс беруші нысанда жерге тиісті құқықсыз, заңда белгіленген тәртіппен сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасыз, техникалық және авторлық қадағалауларды сүйемелдеусіз және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламасыз құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастаған, бұл өз кезегінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының талаптарын бұзу болып саналады.

Осылайша, құрылыс салушыларға қатысты Қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасы анықталған бұзушылықтарды жою және болдырмау бойынша шаралар қабылдауда", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2204636-astanada-zangsyz-salyngan-turgyn-ui-kesheni-surilip-zhatyr/